ПОДЕЛИТЬСЯ
01 қаңтар 2017 | 14:46
2017 жылы қазақстандықтардың өмірінде қандай өзгерістер болады?
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда бірқатар заңдар, жарлықтар мен қаулылар күшіне енеді. Tengrinews.kz редакциясы алдағы жылы қазақстандықтардың өмірінде болатын негізгі өзгерістер туралы сөз етпек.
ПОДЕЛИТЬСЯ
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда бірқатар заңдар, жарлықтар мен қаулылар күшіне енеді. Tengrinews.kz редакциясы алдағы жылы қазақстандықтардың өмірінде болатын негізгі өзгерістер туралы сөз етпек.
Білім беру
2017 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу форматы өзгереді. ҰБТ екі кезеңге бөлінеді: қорытынды аттестация мен ЖОО-ға түсу емтиханы болады. Мұның алдында Білім және ғалым министрлігінің өкілдері 2017 жылы мектеп бітіретіндердің қалай емтихан тапсыратыны туралы айтып берген.
© Тұрар Қазанғапов
Сонымен қатар, 2017 жылы 1 қыркүйекте Білім және ғалым министрлігі "нөлінші сыныпты" сынап көреді. Оның үстіне мектеп оқушыларын көлік жүргізу мен алғашқы медециналық жәрдем жасауғы үйретеді.
© Тұрар Қазанғапов
Баспана жалдау
22 желтоқсанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Заңға сәйкес, баспананы жалға беретін үй иелері немесе өкілді тұлғалар онда тұрған адамдарды тіреуге алуға міндетті. Мұны орындамағаны үшін үй иесіне, жалға берушіге немесе жалға алушыға, сондай-ақ тіркеусіз тұрып жатқан тұлғаларға да әкімшілк жауапкершілік қарастырылған. Мұның алдында ҚР ІІМ қазақстандықтардың тұрғылықты жерінде тіркеуге тұру ережелерін түсіндірген. Құжат Ақтөбе мен Алматыдағы терактілерге байланысты қабылданды.
Жергілікті газеттер осындай тақырыптармен шықты. Суретте "Эврика" газеті © Tengrinews.kz
Визалар
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар және ҚР-дағы шетелдік азаматтар үшін шақыртуды толтыру мен виза алу бойынша жаңа ережелер күшіне енеді. Осылайша, 45 елдің азаматы Қазақстанға 30 күнге дейін визасыз кіре алады. Бұдан өзге 19 елдің азаматы екі жақты келісім негізінде визалық талаптардан босатылады. Мұның алдында ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі Қазақстанға визасыз кіруге рұқсат етілген елдердің тізімін жариялаған болатын.
Депозиттер
2017 жылдан бастап теңгемен салынған депозиттердің ставкалары төмендетіледі. Қабылданған шешімге байланысты бірқатар банк депозит бойынша сыйақы мөлшерін азайтты, ал қалған банктер мұны жақын уақытта жасайды.
Жаңа жылда тағы не болады?
2017 жылдың 1 қаңтарынан ЕАЭО аясында теңдей жағдай тудыру үшін бірқатар салада бағаны реттеу болмайды.
2017 жылы Қазақстан мұнай өндіруді тәулігіне 20 мың баррелге дейін азайтады.
Жыл басынан жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балалар туралы республикалық мәлімет базасы сынақтық тәртіпте іске қосылады. Қазір базада 10 жасқа дейінгі 1 326 балалар туралы мәлімет бар.
Сонымен қатар, апат жағдайында жедел шақыртудың жүйесі сынақ түрінде іске қосылады.
Салықтық кодексте де өзгерістер болады. Мысалы, 2017 жылдан бастап жер мен мүлікке салықты бір жылға кешіктіріп төлеуге болады. Салық кодексіндегі басқа да өзгерістер туралы мына жерден оқи аласыз.
Еңбек нарығында да өзгерістер болады. 2017 жылы білікті шетелдік мамандарды жұмысқа тарту тәртібі жеңілдетіледі.
Показать комментарии
Читайте также