2017 жылы ЭКСПО алаңында ғылым және технологиялар бойынша бірінші ИЫҰ саммитін өткізу күтілуде

© ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі

2017 жылы ЭКСПО ала?ында ?ылым ж?не технологиялар бойынша бірінші ИЫ? саммитін ?ткізу к?тілуде, - деп хабарлады ЮНЕСКО ж?не ИСЕСКО істері ж?ніндегі ?лтты? комиссия хатшысы ?сел ?тегенова ОК?-дегі баспас?з конференциясында.

2017 жылы ЭКСПО алаңында ғылым және технологиялар бойынша бірінші ИЫҰ саммитін өткізу күтілуде, - деп хабарлады ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия хатшысы Әсел Өтегенова ОКҚ-дегі баспасөз конференциясында.

Айта кетер болсақ, Азия парламентаралық форумы Астанада 26-27 қыркүйекте өтеді. Шара ғылым, технология және инновация мәселелеріне арналады.

"Форум аясында Ислам ынтымақтастық ұйымына (ИЫҰ) кіретін және кірмейтін мемлекеттерде ғылым, технология және инновация салаларында нормативтік-құқықтық база және ынталандырушы шаралар үлгісінде үздік зерттеулердің таныстырылымын өткізу көзделуде", -  деді Ә.Өтегенова.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, форумға 25 елдің Парламент өкілдері мен сарапшылар, сондай-ақ, алты халықаралық ұйымның мүшелері қатысады деп күтілуде.

Айта кетейік, білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Ислам ұйымы (ИСЕКО) 1982 жылы 3 мамырда құрылған. Қазақстанның ИСЕСКО-мен ынтымақтастығы 1996 жылы басталды. ИСЕСКО штаб-пәтер Рабат қаласында орналасқан (Марокко Корольдігі).

Аса маңызды шараның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі, Білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Ислам ұйымы (ИСЕСКО) және Ислам даму банкі (ИДБ).

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама