28 қыркүйек 2016 15:38

2018 жылдан бастап қазақстандық дәрі-дәрмек өндірушілерді өнімді халықаралық стандарттар бойынша өндіру міндеттеледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.palata.kz © astana.palata.kz

2018 жылдан бастап қазақстандық дәрі-дәрмек өндірушілерді өнімді халықаралық стандарттарға сай өндіру міндеттеледі, деп мәлімдеді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова "Қазақстандағы денсаулық сақтау реформасы: ұлт денсаулығын сақтау" форумында.
 
"Біз қазірдің өзінде еуразиялық  қауымдастықпен бірыңғай нарық құру үстіндеміз. Осы шартқа қол қоя отырып, біз  Қазақстанға жеткілзілетін барлық дәрілік заттардың халықаралық стандарттарға сәйкес  болуы қажеттігін мойындадық", - деп хабарлады Т. Дүйсенова.

Сонымен қатар, министр қазақстандық дәрі-дәрмек желісі халықаралық стандарттарға сай өнімдерді  шығаруды қамтамасыз етуге міндетті болатындығын айта кетті.

"Қазақстандық өндірушілер  2018 жылдан бастап фармпрактикаға   сай келетін өнімдерді шығаруды қамтамасыз  етуге міндетті. Сондай-ақ зертханалық, клиникалық зерттеулерге, көтерме  саудагерлерге, дистрибьюторларға, қоймалары барлар мен дәріхана арқылы сатушыларға  да осындай талаптар қойылатын болады. Менің ойымша, осы саясатты жүргізе отырып, біз  өзіміздің басты биологиялық қауіпсіздігіміз бен дәрілік қамсыздандырудың тиімділігі мен сапасын қамтамасыз етеміз", - деп айтып өтті министр.

Сонымен қатар, Британдық ұлттық формуляр базасында Қазақстандық ұлттық формуляр құрылды.

"Біз алғаш рет Қазақстандық  ұлттық формуляр жасадық. Біз оны Британдық ұлттық формуляр базасында әзірледік. Біздің басты кеңесшіміз бен сарапшымыз, жұмыс тобының төрағасы Дункан мырза болды, ол Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының модулі болып табылатын Британдық  ұлттық формулярды әзірлеуші", - деп баса айтты Тамара Дүйсенова.

Бұдан өзге, министрдің  айтуынша, контрафактілік өнім, мемлекеттік сатып алу, Қазақстан сатып алатын және өндіретін өнімдердің сапасы бөлігіндегі америкалық сауда палатасымен жұмыс жүргізілуде.

Ал ҚР әділет министрі Марат Бекетаев дәрі-дәрмектердің, медициналық бұйымдардың және жабдықтардың сапасының маңыздылығын баса айтты.

"Ұлт денсаулығын қорғау Үкіметтің және тұтастай мемлекеттің маңызды міндеті болып табылады және бұл тиімді денсаулық сақтау жүйесін қамтамасыз етуге ғана қатысты емес.  Жалпы адам денсаулығы мен қоғамның қауіпсіздігі дәрілік заттардың сапасына, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен жабдықтарға байланысты», - деп баса айтты Марат Бекетаев.

"Осы жылдар бойы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен тығыз ынтымақтастық орнаттық. Оларға реформалар өткізуге көмектесудеміз, барлық реформалар үшін құқытық тәртіпті ұсынудамыз. Қазан айында Қазақстан Үкіметі зияткерлік меншік туралы заңнамаға өзгертулер енгізетін жаңа заңды таныстырады", - деп түйіндеді Әділет министрлігінің басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети