31 желтоқсан 2018 17:58

2019 жылдың алғашқы күнінде елімізде ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 1 қаңтарда елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Синоптиктер 1 қаңтарда елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" орталығының мәліметінше, 2019 жылдың алғашқы күнінде Қазақстанның басым аумағында ауа райы тұрақсыз, жауын-шашынды болады, тек солтүстік-батыс және солтүстікте күн ашық болады деп күтілуде.

"Республиканың кей аймақтарында көктайғақ, тұман күтіледі, жел күшейеді. Жамбыл, Түркістан облыстарында тұман, көктайғақ болады, күндіз жел күшейеді. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі", - деп ескертті мамандар.

Сонымен қатар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Шығыс Қазақстан облысында түнде жел күшейеді, жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі ықтимал.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети