28 желтоқсан 2018 | 12:23

2019 жылдың бірінші күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 29 желтоқсан - 2019 жылдың 2 қаңтары аралығында ауа райының қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" мамандарына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 29 желтоқсан - 2019 жылдың 2 қаңтары аралығында ауа райының қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" мамандарына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 31 желтоқсанда еліміздің бірнеше өңірінде 38 градусқа дейін аяз болады.

Реклама
Реклама

"Алдағы екі тәулікте Қазақстан территориясы арқылы атмосфералық фронттардың өтуімен солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қармен бірге бұрқасын болып, ауа температурасы жоғарылайды. Бірақ 31 желтоқсанда бұл аймақтарда күн суытып, жаңа жыл түнінде аяз 25-30, кей жерлерде 33-38 градусқа дейін күшейеді. Республиканың шығысында түнде 2 қаңтарда кей жерлерде аяз минус 40 градусқа дейін күшейеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында жауын-шашын, жылбысқы қар, қар, тұман және көктайғақ күтіледі. Бұл аймақтарда да жаңа жыл түнінде температура 3-8, кей жерлерде 15-20 градус аязға дейін төмендейді", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Ал еліміздің батысында жаңа жылдың бірінші күндері қар, тұман және көктайғақ болып, ауа температурасының ауытқып, көпжылдық нормаға жақын болатын айтылады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная