ПОДЕЛИТЬСЯ
23 қаңтар 2020 | 17:45
2019 жылы жемқорлықтан мемлекетке келген залал мөлшері 5 миллиард теңге болған
Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің алаңындағы баспасөз-іс-шарада Агенттіктің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров бюджет қаражатын жымқыру деректері туралы айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің алаңындағы баспасөз-іс-шарада Агенттіктің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров бюджет қаражатын жымқыру деректері туралы айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
"Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2019 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісінде жемқорлық фактілері бойынша 455 сыбайлас жемқорлық қылмыстық іс болған, оның 399-ын сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тіркеген, 235-і өндіріспен аяқталып, оның 192-і сотқа жолданды", - деп Биғайдаров айтып өтті.
Осы қылмыстардан мемлекетке келтірілген залал шамамен 5 млрд теңгені (4 989 387 мың теңге) құрады, 4 млрд-қа жуығы (3 853 038 мың теңге) қазіргі уақытта мемлекетке қайтарылды. Іс жүргізуде жүздеген миллион бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша бірқатар қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Спикер атап өткендей, жымқыру фактілерінің көбісі тендерлерді бөлу, шарттарды заңсыз жасасу, жалған жұмыстарды орындау актілеріне қол қою, жалақы мен іссапар шығындарын заңсыз есептеумен байланысты. Бұл ретте жымқыру іс жүзінде барлық қызмет салаларын қамтиды.
Жалпы, статистикалық деректерге сәйкес 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісінде 1,5 мыңдай (2017 жыл - 574, 2018 жыл - 441, 2019 жыл - 455=1470) сотқа дейінгі тергеп-тексеру болды.
Оның ішінде 1 мыңға жуық қылмыстық іс тергеумен аяқталды (2017 жыл - 391, 2018 жыл - 287, 2019 жыл - 235=913), оның 85 пайызы (2017 жыл - 327, 2018 жыл - 243, 2019 жыл - 192=762) сотқы жолданды.
Осы санаттағы қылмыстардың залал сомасы үш жылда 15 млрд.-тан астам теңгені құраиды (15349796 теңге), оның 10 млрдт теңгеден астамы (10 485 189 теңге) қазіргі таңда өтелген.
Жымқыру фактілері көбінесе құрылыс саласында көбінен тараған. Жүргізілген талдау мемлекеттік органдардың (ЖАО) қызметіндегі қаржымен байланысты әрбір бағыты іс жүзіндегі жоғары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен ұштасқанын куәландырады.
"Агенттік осы бағытта әрбір қылмыстық іс бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту жөніндегі нақты ұсынымдарды әзірлей отырып және тиісті салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында тиісті шаралар қабылдау қажеттігі туралы көрсете отырып, 200-бап тәртібінде ұсыныстар енгізуде", - деп Биғайдаров өз сөзін қорытындылады.
Показать комментарии
Читайте также