ПОДЕЛИТЬСЯ
24 маусым 2019 | 11:39
2019 жылы қанша қазақстандықтың жалақысы өседі
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Елбасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көтеру туралы тапсырмаларын іске асыру барысы туралы баяндады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Елбасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің төмен жалақы алатын қызметкерлердің еңбекақысын көтеру туралы тапсырмаларын іске асыру барысы туралы баяндады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұңғыш Президенттің қазан айындағы Жолдауын жүзеге асыру үшін 2019 жылдың басынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есеге - 28-ден 42,5 мың теңгеге дейін арттырылғаны белгілі. Бұл шарамен 1,3 миллион адам қамтылды, оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету, Мәдениет және спорт салаларында жұмыс істейтін 275 мың азаматтық қызметші қамтылды.
"Біз ай сайын ең төменгі жалақыны есептеу мониторингін жүргіземіз. Мәселен, міндетті зейнетақы жарналарының түсімдерін талдау нәтижелері а.ж. сәуірде 92 мың қызметкер еңбек ақыны ЕТЖ мөлшерінен төмен алғанын көрсетті.Сондай-ақ еңбекақысы төмен қызметкерлер бойынша жалақының өсуіне мониторинг жүргіземіз. Қазіргі уақытта 203 мыңнан аса жұмыс беруші 1,1 миллион адамның еңбекақысын арттыру міндетін өз мойнына алды", - деді министр.
Бұдан басқа, ағымдағы жылдың маусым айынан бастап бюджеттік саланың жекелеген қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға дейін артты. Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда жұмыс істейтін 1 миллионнан астам азаматтық қызметшілер осы айда жоғары жалақы алады.
Енді бір қызметкердің орташа жалақысы 114,5 мың теңге болады (2019 жылдғы 1 маусымға дейін 99,6 мың теңгені құрады). 2019 жылға аталған арттыруға республикалық бюджеттен 144,3 миллиард теңге көзделген.
Показать комментарии
Читайте также