27 шілде 2019 | 12:22

2019 жылы кімдер Қазақстан азаматтығын алды?

© Тұрар Қазанғапов

Жыл басынан бері 9379 адам Қазақстан азаматтығын алған. Көбіне шекаралас елдердің азаматтары алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жыл басынан бері 9379 адам Қазақстан азаматтығын алған. Көбіне шекаралас елдердің азаматтары алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Биыл осы күнге дейін 451 адам, 2018 жылы 770 адамға Қазақстан азаматтығынан шығуға рұқсат берілді. 9379 адам Қазақстан азаматтығын алды. Негізінен Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан және Қытайдың бұрынғы азаматтары Қазақстанның азаматтығын алды. 2018 жылы бұл көрсеткіш 28 794 адам болған еді", - деді Ішкі істер министрлігі редакцияның сауалына жауап ретінде.

Реклама
Реклама

ІІМ өкілдері "Азаматтық туралы" Заңының 21-бабы ("Азаматтық жоғалту") бойынша Қазақстан азаматтығын жоғалту шарттарының бірі басқа мемлекеттің азаматтығын алу болып табылатындығын нақтылады. 

"ҚР азаматтығын алу немесе одан шығу сияқты, сондай-ақ басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдау ерікті түрде өтініш беру арқылы жүзеге асырылады", - деп толықтырды ІІМ.

Заңның 18-бабына ("Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтiру") сәйкес, бұрын Қазақстан Республикасының азаматы болған адамның өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес оның Қазақстан Республикасының азаматтығы қалпына келтiрiлуi мүмкiн.

Сондай-ақ, жыл басынан бері 7014 адамның екі азаматтығы бары деректері тіркелген.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная