27 қаңтар 2015 11:24

2020 жылға дейін тас жолдардың бойында қызмет көрсететін 260 нысан ашылады

©idrive.kz

Қазақстанда 2020 жылға дейін автожолдардың бойында қызмет көрсететін 260 нысан салынады, олардың құрылысына "жасыл" технология қолданылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл нысандар көлік жүйесіндегі инфрақұрылымды дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша жүзеге асады және ол қосымша 2000 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Берік Қамалиев ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде өткен селекторлық кеңес барысында мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram