ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қараша 2019 | 14:21
2020 жылы қандай санаттағы қызметкерлердің жалақысы көтеріледі?
ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша еңбек қатынастарын реттеу шараларын жетілдіру туралы өткен баспасөз конференциясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жалақысы аз жұмыскерлердің жалақысын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша еңбек қатынастарын реттеу шараларын жетілдіру туралы өткен баспасөз конференциясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жалақысы аз жұмыскерлердің жалақысын арттыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда еңбек қатынастары мәселесі өте маңызды әрі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы, Үкіметтің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің назарындағы негізгі жұмыстар халықтың жалпы табысын арттыруға бағытталған, оның ішінде жұмыс істеп жүрген азаматтардың еңбекақысын арттыру да бар.
"Төмен жалақы алатындардың мәселесіне келсек, бізде еңбек заңнамасында тек төмен жалақы мөлшері реттелген, басқасының бәрі жұмыс берушінің құзырында. Сондықтан ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" Жолдауына сәйкес, жыл басынан бері Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері 1,5 есеге - 28 000 теңгеден 42 500 теңгеге дейін артты. Оған қоса, 25 АЕК дейін, яғни 63 000 теңгеге дейінгі көлемде еңбекақы алып жүрген азаматтардың салық жүктемесі 10 есе азайтылуда", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
Биылғы 1 маусымнан бастап бюджет саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы 30 пайызға артты. Ал жекеменшік кәсіпорындар бойынша, Елбасының әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде жұмыс берушілерді төмен жалақы алатын жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге үндеуінің негізінде бұл жұмыстар кәсіподақтармен бірге жүргізіліп жатыр.
"Жыл басынан бері елімізде 2,7 мың кәсіпорын аз жалақы алып жүрген 1,2 млн жұмыскерінің жалақысын орта есеппен 32,5 пайызға көбейтті. Бұл әлі де жеткіліксіз - біздің еліміздегі кәсіпорындар санының жартысынан сәл ғана жоғары. Сондықтан, кәсіпорындардың басшыларын осыған атсалысуға шақырамыз. Азаматтардың табысы өскен сайын ел тұрғындарының әл-ауқаты да арта түспек", - деді министр.
Бұл ретте, 2020 жылдан мемлекет тарапынан бюджеттік салаға қатысты бірқатар шаралар қолға алынады. Атап айтқанда, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға, мәдениет саласындағы қызметкерлернің еңбекақысы 35 пайызға, кейбірінің жалақысы 50 пайызға дейін, әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбекақысы 30-60 пайызға дейін көбейеді.
Cондай-ақ, министр қазақстандық және шетелдік жұмыскерлердің жалақыларының сәйкессіздігіне жол берген жұмыс берушілерге қатысты мәселеге тоқталып өтті. Биыл тамыз айынан бері ҚР Бас прокуратурасының қолдауымен еңбек инспекциясы 30-дан астам шетелдік мамандар жұмыс істейтін 95 кәсіпорында тексеру жұмыстарын жүргізген. Соның нәтижесінде, аталған кәсіпорындарда еңбек және көші-қон заңнамасын бұзу бойынша 930 факті анықталып, жойылды. 25 кәсіпорында жалақы және еңбек шарттарының сәйкессіздігі бойынша 474 факті анықталды. Заңнамаға сәйкес аталған кәсіпорындардың басшыларына қатысты шаралар қабылданды, ұйғарымдар жасалды, 2 млн теңгеге айыппұл салынды. Қазақстанда жұмыс істеуге берілген 681 рұқсат қағазы қайтарып алынды, 393 шетелдік жұмыскер елден шығарылды.
"Мемлекеттік еңбек инспекциясы мен прокуратура жергілікті және шетелдік қызметкерлердің еңбекақысының тең болуын қамтамасыз етуді талап етуде. Компаниялардың көбі қазақстандықтардың жалақысын өсіріп жатыр, дегенмен, шетелдіктердің жалақысын төмендету фактілері де бар. Яғни, бұл жұмыс берушінің шешіміне байланысты. Бастысы, ол талаптарды орындауы тиіс - бірдей лауазымдарда, бірдей атқарылатын жұмыста және біліктілігі тең жағдайда еңбекақы мөлшері бірдей болуы керек", - деді Б. Нұрымбетов.
Показать комментарии
Читайте также