ПОДЕЛИТЬСЯ
25 наурыз 2022 | 22:18
2021 жылы Қазақстанда қанша жемқор шенеунік сотталды?
2021 жылы Қазақстанда сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін 892 шенеунік сотталды. Бұған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық баяндамасының деректері дәлел, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін 892 адам сотталды. Олардың ішінде: ішкі істер органдарынан - 207, әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінен - 150, оның ішінде әкімдер - 5, Қаржы министрлігінен - 34, Ауыл шаруашылығы министрлігі - 19, Денсаулық сақтау министрлігі - 16, ұлттық қауіпсіздік - 10, экономикалық тергеу қызметі - 4, прокуратура - 3, судьялар - 3", - делінген хабарламада.
Ведомство сыбайлас жемқорлық қылмыс құрылымында пара алу үлесі жылдан-жылға артып келе жатқанын атап өтті.
"Егер 2015 жылы бұл қылмыстың үлесі 3 пайыз болса (2 733-тен 895), 2021 жылы 67 пайыздан асады (1 557-ден 1053)", - деді ведомство.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также