ПОДЕЛИТЬСЯ
20 қаңтар 2023 | 09:06
2022 жылы қазақстандықтар қанша айыппұл төлегені белгілі болды
Ішкі істер министрлігінде қазақстандықтар 2022 жылы қанша айыппұл төлегені айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ішкі істер министрлігінде қазақстандықтар 2022 жылы қанша айыппұл төлегені айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, былтыр Ішкі істер органдары жалпы сомасы 80 миллиард 309 миллион теңгеге айыппұл салу туралы 6,8 миллион қаулы шығарған. Бюджетке 61 миллиард 291 миллион теңгеден аса қаражат өндірілген.
ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 440-бабы бойынша ішімдік ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйде жүргені үшін 2,3 миллиард теңге сомасына 173 мың қаулы шығарылған.
Ортақ пайдаланатын орындарды ластағаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы бойынша 1,7 миллиард теңгеге 124 мың қаулы шығарылған.
Жол қозғалысы саласындағы құқықбұзушылықтар үшін жалпы сомасы 68 миллиард 660 миллион теңгеге айыппұл салу туралы 6,2 миллион қаулы шығарылған. Олардың ішінде:
- ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 592-бабы бойынша белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кеткені үшін 34,3 миллиард теңге сомасына 2,9 миллион қаулы шығарылды;
- Жол белгілері немесе жолдың жүру бөлігі талаптарын сақтамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 601-бабы бойынша 8,6 миллиард теңгеге 1,5 миллион қаулы шығарылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также