2023 жылға арналған ең төменгі жалақы мен АЕК мөлшері белгіленді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

"2023 –2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын Қаржы министрлігі дайындады. Құжат "Ашық НҚА" ресми порталында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2023 –2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын Қаржы министрлігі дайындады. Құжат "Ашық НҚА" ресми порталында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жобаға сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

  • жалақының ең төменгі мөлшері - 60 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 21 907 теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері - 53 076 теңге;
  • Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш - 3 450 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы - 40 567 теңге.
Реклама
Реклама

Бұдан басқа, құжатқа сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек еткен жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат оның мөлшерінің 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 10,5 пайызға артуын ескере отырып белгіленеді.

Сондай-ақ, ӘМСҚ-ға төленуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,8 пайызына тең.

Заң жобасы сайтта жария талқылау үшін 2022 жылғы 8 қыркүйекке дейін орналастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная