2023 жылы еліміздегі бірқатар мәденишара ТҮРКСОЙ ұйымы деңгейінде өтеді

2023 жылы еліміздегі бірқатар мәденишара ТҮРКСОЙ ұйымы деңгейінде өтеді

Келер жылы мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығы, ақын Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығы, актриса Бикен Римованың 100 жылдығы тек ел ішінде ғана емес, ТҮРКСОЙ ұйымы деңгейінде аталып өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Мәдениет жәнеспорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтемежасап хабарлайды.

Келер жылы мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығы, ақын Мұзафар Әлімбаевтың 100 жылдығы, актриса Бикен Римованың 100 жылдығы тек ел ішінде ғана емес, ТҮРКСОЙ ұйымы деңгейінде аталып өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Мәдениет жәнеспорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтемежасап хабарлайды.

Мәдениет және спорт министрлігі Бурса қаласында өтіп жатқан ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің ХХХІХ отырысы барысында халықаралық ұйымға мүше мемлекеттермен осындай келісімге келді. Бұл ұсынысты министр Дәурен Абаевқа халықпен кездесулер барысында ел азаматтары жеткізген болатын. Өтініштер қарастырылып, Мәдениеткомитетіне тиісті тапсырмалар берілген еді.

"Министрлік алдағы уақытта бірнеше іс-шараныТҮРКСОЙ ұйымымен бірлесіп өткізуге ниетті. Солардың қатарында материалдық емес мәденимұраларды насихаттау бойынша "KYMYZFEST" фестивалін ерекше атап өту қажет. Біз қазақкиноларына да халықаралық деңгейде қолдаукөрсеткіміз келеді. Сондай-ақ, түркі халықтарыныңортақ тарихын ескере отырып, символизм мен геральдикалық элементтерді зерттеу бойыншажұмыстар жүргізетін боламыз. Қазақстан тарапынанайтылған ұсыныстардың бәрі бауырлас халықтардыңбай тарихын тереңірек түсінуге, сондай-ақ түркітілдесмемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты нығайтуғанегіз болады", - деді аталған жиынға қатысқан ҚР МСМ Мәдениет комитетінің төрағасы Роза Кәрібжанова.

Реклама
Реклама

Кеңес отырысы барысында түркі әлемінің мәденибайланыстарын арттыруға бағытталған екіжақтыкездесулер де ұйымдастырылды. Бұл ретте Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Түрікменстан елдеріменортақ жобаларды талқылап жатыр.

Айта кетейік, Бурса қаласы бұған дейін түркі әлемінің2022 жылғы мәдени астанасы ретінде танылғанболатын. Жиын қорытындысы бойынша түркіәлемінің 2023 жылғы мәдени астанасы болыпӘзербайжанның Шуша шаһары жарияланды.

Сондай-ақ, Түркияда тағы бір ауқымды іс-шара – "Қорқыт Ата" кинофестивалі өтіп жатыр. Оныңаясында Қазақстанның кино күндеріұйымдастырылып, түрік азаматтары "Ұлы дала таңы", "Мұзбалақ", "Дос-Мұқасан", "Мұқағали" фильмдерін тамашалауға мүмкіндік алды.

Tengrinews
Материал БҚО әкімдігімен ұсынылған
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама