14 желтоқсан 2023 | 14:12

2024 жылы 40 мыңға жуық қазақстандық арнайы төлем алады: Парламент заң қабылдады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Сенат депутаттары кеншілер мен зиян еңбек жағдайында жұмыс істейтін басқа да жұмысшыларға негізгі жалақыдан бөлек 200 мың теңге көлемінде арнайы төлемдерді қарастыратын заңды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сенат депутаттары кеншілер мен зиян еңбек жағдайында жұмыс істейтін басқа да жұмысшыларға негізгі жалақыдан бөлек 200 мың теңге көлемінде арнайы төлемдерді қарастыратын заңды мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Сенат депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары қауіпті жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды мақұлдады.

Реклама
Реклама

Енді заң Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қол қоюға жіберіледі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова арнайы төлемнің мөлшері төрт қаржы көзінен қалыптасатынын айтты.

"Біріншісі – республикалық бюджет, одан зиян еңбек жағдайларында жұмыс істейтін, 55 жасқа толған, кемінде 7 жыл еңбек өтілі бар және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген қызметкерлер бұл төлемді ала алады.

Республикалық бюджеттен – екі ең төменгі күнкөріс деңгейі, бұл 86 814 теңге, бір ең төменгі күнкөріс деңгейі – жұмыс берушіден және өмірді сақтандыру компаниясынан, сонымен қатар 55 жастан бастап көрсетілген санаттағы тұлғалар Бірыңғай зейнетақы қорынан төлемдер алады. Ол екі қаржы көзінен тұрады: міндетті зейнетақы жарналары және 5 пайыздан қалыптасқан зейнетақы жинақтары", - деді Сағындықова.

Вице-министр еңбек министрінің бұйрығы бойынша бекітілген қауіпті, қиын кәсіптердің тізімі бар екенін, онда 2395 кәсіп бар екенін және барлық кәсіптер бойынша жұмыс берушілер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлейтінін қосты.

"Ал төртінші көзі – Бірыңғай зейнетақы қорынан міндетті жарналар мен міндетті кәсіптік жарналар арқылы төленетін төлемдер. Егер барлығын қоссақ, келесі жылға 208 мың теңге ай сайын төленеді деп күтіледі", - деп қосты ол.

Оның айтуынша, келесі жылы 37 мың жұмысшы 55 жылдан кейін 208 мың теңге көлемінде төлем алады.

Бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов 55 жасқа толған жұмысшылар төлемақы ала алатынын айтқан болатын. Бұл ретте кемінде жеті жыл зиян еңбек жағдайында жұмыс істеу керек. Егер түзетулерге Мемлекет басшысы қол қойса, норма 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная