21 тамыз 2023 09:08

2024 жылы орташа жалақы мен зейнетақы мөлшері қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанпав

Қаржы министрлігі "2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет" туралы заң жобасын әзірледі. Құжатта 2024 жылы орташа жалақы мен зейнетақы қанша болатыны көрсетілген. Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жобаға сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

  • ең төменгі жалақы мөлшері - 70 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 28 215 теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері - 57 853 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы - 43 407 теңге болмақ.
Реклама
Реклама

Заң жобасына сәйкес "жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат олардың мөлшерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9,0 пайызға арттыруды ескере отырып көзделгені белгіленсін" деп қабылданды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері - мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,9 пайызы.

Заң жобасы 2023 жылдың 4 қыркүйегіне дейін қоғамдық талқылауда болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram