2026 жылы зейнетақы мен жәрдемақылар қаншалықты өседі?

Дина Шарипханова Корреспондент
2026 жылы зейнетақы мен жәрдемақылар қаншалықты өседі? Фото:depositphotos.com

2026 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақылар мен мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері өседі. Бұл "2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңда көзделген. Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық мемлекеттік жәрдемақы, сондай-ақ базалық және ынтымақты зейнетақылар Ұлттық банк айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сай 10 пайызға ұлғайтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2026 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақылар мен мемлекеттік жәрдемақылар мөлшері өседі. Бұл "2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңда көзделген. Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап барлық мемлекеттік жәрдемақы, сондай-ақ базалық және ынтымақты зейнетақылар Ұлттық банк айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сай 10 пайызға ұлғайтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бері бес жыл ішінде базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ал ең жоғарысын 120 пайызына дейін кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылып келеді.

"Осы жоспарға сай, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңге (күнкөріс деңгейінің 70 пайызы), ал ең жоғары мөлшері 60 005 теңге болады. Бұл көрсеткіш бұрынғы 110 пайыздан 118 пайызға дейін өседі", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Мысал ретінде, 2019 жылы зейнетке шыққан, қазіргі уақытта 70 жастағы зейнеткер 2025 жылы бюджеттен жалпы 171 588 теңге алған. Оның ішінде базалық зейнетақы – 50 851 теңге, ынтымақты зейнетақы – 120 737 теңге болған. 2026 жылғы өсімді ескергенде, оның жалпы зейнетақысы 192 816 теңгеге дейін артады. Бұл соманың 60 005 теңгесі – базалық, 132 811 теңгесі – ынтымақты зейнетақы. Аталған есепке Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін төлемдер кірмейді.

2026 жылдан бастап мемлекеттік жәрдемақылар да өседі. Атап айтқанда, бір, екі немесе үш бала туған кезде берілетін жәрдемақы 149 416 теңгеден 164 350 теңгеге дейін, ал төрт және одан да көп бала туған жағдайда 247 716 теңгеден 272 475 теңгеге дейін өседі. Көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы да артады: төрт баласы бар отбасылар үшін 63 030 теңгеден 69 330 теңгеге, ал 10 баласы бар отбасылар үшін 157 280 теңгеден 173 000 теңгеге дейін ұлғаяды.

Мүгедектігі бар азаматтарға арналған жәрдемақылардың мөлшері де 10 пайызға өседі.

  • Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға төленетін жәрдемақы 101 702 теңгеден 111 872 теңгеге,
  • екінші топтағыларға 81 362 теңгеден 89 498 теңгеге,
  • үшінші топтағыларға 55 474 теңгеден 61 021 теңгеге дейін көбейеді.

Бұдан бөлек, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер де 10 пайызға артады. Бұл төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша ретінде беріледі.

"Әлеуметтік төлемдердің нақты мөлшері әр адам үшін жеке есептеледі. Ол соңғы екі жылда жүргізілген әлеуметтік аударымдарға, орташа айлық табысқа, еңбекке қабілеттіліктен айырылу коэффициенттеріне, асырауындағы адамдар санына, сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және табысты алмастыру деңгейіне байланысты болады".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама