21 қарашада Қазақстанның барлық аумағында теледидар мен радио өшіріледі

Фото:depositphotos.com

Бейсенбі, 21 қарашада телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бейсенбі, 21 қарашада телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазтелерадио" АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

21 қарашада сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Реклама
Реклама

Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама