ПОДЕЛИТЬСЯ
21 қыркүйек 2023 | 09:04
21 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Қазгидромет 21 қыркүйекте Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазгидромет 21 қыркүйекте Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде аздап жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман.
Алматыда күн бұлтты болып, күннің соңында жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 18-20 градус жылы.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 21-23 градус жылы.
Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, күндіз 15-20 градус жылы.
Алматы облысының таулы аймақтарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, көктайғақ), күндіз оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын болады. Түнде және таңертең облыстың таулы аймақтарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 9-14 градус жылы, облыстың таулы аймақтарында 1 градус аяз - 4 градус жылы, күндіз 17-22 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 7-12 градус жылы.
Шығыста, Жетісу облысының орталығында жаңбыр жауады, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, көктайғақ) болады. Батыстан соғатын желдің күші 9-14, облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні секундына 17-22 метр. Ауа температурасы түнде 9-14, облыстың таулы аудандарында 1-6 градус жылы, күндіз 17-22 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 13 градус жылы.
Түркістан облысының таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың таулы аймақтарында 7, күндіз 20-25, облыстың таулы аймақтарында 17 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 20-25 градус жылы.
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 22-27 градус жылы.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Облыстың солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан батысқа бұрылатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың оңтүстігінде 18, күндіз 23-28 градус жылы.
Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыстан секундына 6-11 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың солтүстік-шығысында 2 градус жылы, облыстың оңтүстігінде 13 градус жылы, облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус аяз, күндіз 16-21 градус жылы болады.
Қостанай облысының оңтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел батыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 2-7, облыстың оңтүстігінде 10 градус жылы, облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус аяз, күндіз 16-21 градус жылы.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында түнде аздаған жаңбыр жауып, тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел батыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3-8 градус жылы, күндіз 15-20 градус жылы.
Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Солтүстіктен жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 6-11, күндіз 17-22 градус жылы.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады, күндіз қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Жел солтүстік-батыстан 9-14, күндіз шығыста, облыстың оңтүстігінде секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың оңтүстігінде 13, күндіз 15-20, облыстың шығысында 12 градус жылы.
Абай облысының шығысында және оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Жел солтүстік-батыстан 9-14, күндіз облыстың оңтүстігінде секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 13-18 градус жылы.
Қызылорда облысының орталығында аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстіктен секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 18-23 градус жылы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также