26 қазан 2022 10:21

21 қыркүйектен бері 200 мыңға жуық шетелдік ЖСН алуға өтініш берген

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

21 қыркүйектен бері Қазақстанда шетелдіктерден ЖСН алуға 200 мыңға жуық өтініш түскен. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрінің орынбасары Әсет Тұрысов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"21 қыркүйектен бері 200 мыңға жуық өтініш түсті. Бұл жалпы барлық шетелдіктен. ЖСН беру туралы нақты ақпарат бере алмаймын. Осы жерде бизнеспен айналысып немесе жұмысқа орналасып, банктен есепшот ашқысы келетін кез келген шетелдік азамат ЖСН алуы керек", - деді Тұрысов Мәжіліс кулуарында.

Еске салайық, 2022 жылдың наурызында Қазақстанда ЖСН алған ресейліктердің саны 2021 жылдың наурызымен салыстырғанда 14 есеге өсті. Былтыр Ресейдің 14 717 азаматы ЖСН алған. Сонымен қатар, 2022 жылдың алғашқы үш айында ғана 12 840 ресейлік азаматқа ЖСН берілген. 

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram