21 шілдеде Қазақстан өңірлерінде аптап ыстық болады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:depositphotos.com

Қазақстанның бірнеше аймағында алдағы аптада күн қатты ысиды. "Қазгидромет" мәліметінше, 21 шілдеде еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның бірнеше аймағында алдағы аптада күн қатты ысиды. "Қазгидромет" мәліметінше, 21 шілдеде еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда – ерекше өрт қаупі сақталады.

Шымкент – күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы +40°С-қа дейін көтеріледі. Өрт қаупі өте жоғары деңгейде.

Реклама
Реклама

Ұлытау облысы – оңтүстік пен орталықта солтүстік-шығыс және шығыс жел, екпіні 15-18 м/с. Күндіз +35°С ыстық, Жезқазғанда да +35°С. 21-25 шілде аралығында ауа температурасы +30...+35°С-тан +41°С-қа дейін көтеріледі. Өрт қаупі бүкіл облыс бойынша жоғары.

Түркістан облысы – солтүстік пен батыста құмды дауыл, жел екпіні 15-23 м/с. Күндіз +41°С. 21-28 шілде аралығында ауа температурасы +36...+41°С. Өрт қаупі өте жоғары.

Жамбыл облысы – желдің екпіні 15-25 м/с. Таразда да жел күшейеді. 21-28 шілде аралығында ауа температурасы +36...+41°С дейін көтеріледі. Өрт қаупі сақталады.

Атырау облысы – батыста найзағай, оңтүстік пен шығыста жел 15-20 м/с. Ауа температурасы +35...+39°С. Өрт қаупі өте жоғары. Атырауда +37...+39°С.

Жетісу облысы – таулы аудандарда найзағай, жел екпіні 15-20 м/с. Талдықорғанда +35°С ыстық.

Қызылорда облысы – орталық пен шығыста құмды дауыл, жел 15-20 м/с. +41°С ыстық. Қызылордада да құмды дауыл мен қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау облысы – батыс пен солтүстікте құмды дауыл, жел 15-20 м/с. Күндіз +38...+40°С. Ақтауда да өрт қаупі өте жоғары.

Ақмола облысы – солтүстік пен шығыста найзағай, жел 15-20 м/с. Өрт қаупі жоғары деңгейде.Алматы облысы – таулы аймақтарда найзағай, жел 15-20 м/с. Қонаевта +35...+37°С. Өрт қаупі өте жоғары.

Абай облысы – оңтүстік пен орталықта жел 15-20 м/с, күндіз +35°С. Өрт қаупі жоғары, оңтүстікте өте жоғары.

Ақтөбе облысы – оңтүстік пен батыста +35...+38°С. Өрт қаупі оңтүстік пен орталықта – өте жоғары, солтүстік-батыс пен солтүстік-шығыста – жоғары.

Шығыс Қазақстан облысы – шығыста найзағай, жел 15-20 м/с. Өрт қаупі батыс, шығыс және оңтүстікте жоғары.

Павлодар облысы – найзағай, түнде тұман, жел 15-20 м/с. Өрт қаупі оңтүстік пен шығыста жоғары.

Қарағанды облысы – түнде және таңертең солтүстікте тұман. Жел 15-20 м/с. Солтүстік пен шығыста – жоғары, батыс пен оңтүстікте – өте жоғары өрт қаупі. Қарағандыда да өрт қаупі жоғары.

Батыс Қазақстан облысы – батыс пен солтүстікте найзағай, жел 15-20 м/с. +35...+38°С. Солтүстік пен шығыста өрт қаупі жоғары, батыс пен орталықта – өте жоғары. Оралда найзағай, күндіз +35°С.

Солтүстік Қазақстан облысы – найзағай, күндіз бұршақ. Түнде және таңертең тұман. Жел 15-20 м/с. Петропавлда найзағай, бұршақ, түнде тұман. Бұл кезеңде барлық өңір тұрғындарына қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау ұсынылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама