21 тамызда Алматы әуежайында жолаушы жоғалтып алған мысық табылды

©️ instagram

Тамыздың соңында Алматы әуежайына ұшақ қону кезінде жолаушыдан қашып кеткен Томас есімді қара мысық тірі және сау табылды. Бұл туралы жануарды іздеумен айналысқан еріктілер мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еріктілердің айтуынша, мысық әуежай маңындағы футбол алаңында табылған. Оны күзетшілер көріп, ұстап алды, содан кейін иесіне қайтарды. Мысықтың біршама салмақ тастағаны байқалады, бірақ ол дін аман.

Реклама
Реклама

Мысықтың жоғалғаны туралы оның иесі Instagram парақшасында айтқан болатын. 21 тамызда Томас Алматы әуежайында егесінен қашып кеткен. Ол жуынатын бөлмеге қарай қашып, адамның қолы жетпейтін орынға тығылған, қыз оны өз күшімен шығара алмай, мысықты қалдырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная