ПОДЕЛИТЬСЯ
16 шілде 2020 | 10:51
2100 жылға қарай Қазақстан халқы 30 миллионнан асады - зерттеу
Халықаралық ғалымдар тобы дүние жүзіндегі халық санының өсіміне болжам жасады. Олардың мәліметі бойынша, 2100 жылы Қазақстанда 30,28 миллион адам тұрады, - деп хабарлайды The Lancet.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Халықаралық ғалымдар тобы дүние жүзіндегі халық санының өсіміне болжам жасады. Олардың мәліметі бойынша, 2100 жылы Қазақстанда 30,28 миллион адам тұрады, - деп хабарлайды The Lancet.
Көрші Қырғызстанның халқы 6,37-ден 12,45 миллион адамға дейін көбейеді. 2100 жылға қарай Өзбекстанда 44,18 миллион адам тұрады (қазіргі халық саны 32,24 миллион). Сонымен бірге Ресейде тұрғындар саны осы ғасырдың соңына қарай 146-дан 106 миллион адамға дейін азаяды. Сондай-ақ, зерттеуге сәйкес, 2100 жылға қарай Украина (44,6-дан 17,5 миллионға дейін) және Беларусь (9,4-тен 5,5 миллионға дейін) халқы да азаюы мүмкін.
Зерттеушілер дүние жүзі халқының саны 2064 жылға дейін өсіп, Жер бетінде 9,7 миллиард адам болады деп болжайды. Ал 2100 жылға қарай адам саны азайып, 8,8 миллиард болады деген болжам айтылды, бұл көрсеткіш БҰҰ болжамынан 2 миллиардқа аз.
"2064 жылы дүние жүзі халқының саны 9,7 миллиардқа жетуі мүмкін, содан кейін 2100 жылға қарай 8,8 миллиардқа дейін азаяды", - делінген британиялық The Lancet медициналық журналында.
Мақалада айтылғандай, 2100 жылға қарай халқы ең көп елдердің бестігіне Үндістан, Нигерия, Қытай, АҚШ және Пәкістан кіреді. Сондай-ақ, Жапония, Таиланд, Италия және Испания секілді 20-дан аса елде 2100 жылға қарай халық саны 50 пайыздан да көп азаяды. Қытай халқы да 48 пайызға қысқарады екен.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также