ПОДЕЛИТЬСЯ
08 сәуір 2020 | 17:24
216 мың қазақстандыққа 42 500 теңге тағайындалды
216 мың қазақстандыққа Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты 42 500 теңге тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, 8 сәуірдегі сағат 14.00-дегі жағдай бойынша ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындау үшін 1 миллион 688 мың 131 қазақстандықтан барлығы 2 миллион 755 мың 866 өтініш келіп түскен.
42 500 теңгені электрон қолтаңбасыз қалай алуға болады? Көрсетеміз
"Осылайша 1 миллион 67 мың 735 қайталанатын өтінім тіркелді. Өтініштерді қарау мерзімдерінің ұлғаюына жол бермеу мақсатында азаматтардан өтінішті бір рет берулеріңізді сұраймыз", - дейді министрліктегілер.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также