16 қараша 2022 | 12:14

22 градусқа дейін аяз, қар, бұрқасын. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Синоптиктер 16-18 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 16-18 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде ауа райына солтүстік-батыс антициклон әсер етіп, онымен жауын-шашынның қысқа мерзімді тоқтауы және температураның төмендеуі күтіледі. Кезеңнің соңында фронтальды бөліктердің өтуімен елдің басым бөлігінде жауын-шашын, солтүстікте қар, республиканың оңтүстігі мен батысында жаңбыр мен қар түрінде жауады.

"Республика бойынша жел секундына 15-23 метрге дейін жетеді, солтүстікте көктайғақ, шығыста тұман, бұрқасын күтіледі. Солтүстікте, шығыста және орталықта түнде ауа температурасы 8-22 градусқа дейін төмендеп, аяз болады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная