ПОДЕЛИТЬСЯ
04 желтоқсан 2020 | 13:16
22 желтоқсанда Қазақстанда ресейлік Sputnik V вакцинасының өндірісі басталады
22 желтоқсанда Қазақстанда ресейлік Sputnik V вакцинасының өндірісі басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен үкімет басшысы Асқар Маминнің кездесуінде белгілі болды.

Сонымен қатар, Ақорда сайтындағы мәлімет бойынша, 25 желтоқсанда коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина сынағының үшінші кезеңі басталады.
Премьер-министр Асқар Маминнің айтуынша, ешқандай жанама әсер тіркелмеген, отандық вакцина жоғары тиімділікті көрсетті. Сынақтар 2021 жылы наурыздың соңында бітеді.
"Премьер-министр Президентке 29 қарашада клиникалық сынақтардың 1 және 2-кезеңдерінің аяқталғаны туралы мәлімдеді. Асқар Маминнің айтуынша, вакцинаның кері әсері анықталған жоқ және оның жоғары тиімділігі тіркелді. 25 желтоқсаннан бастап клиникалық сынақтардың 3-кезеңінде аталған вакцина 3 мың еріктіге егіледі. Сынақтар толығымен 2021 жылы наурыздың соңына қарай аяқталады", - делінген хабарламада.
Мұның алдында Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинациялау 2021 жылы басталатыны белгілі болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также