ПОДЕЛИТЬСЯ
23 мамыр 2023 | 08:46
23 мамырға Қазақстандағы ауа райы болжамы
"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 23 мамырда елдің 16 өңірінде ауа райы қолайсыз болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 23 мамырда елдің 16 өңірінде ауа райы қолайсыз болатынын болжады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Батыс Қазақстан облысының батысында найзағай күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстік-батысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оталығында 15-20, Алакөл көлдері ауданында 25 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында желдің бағыты солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15 м/с күтіледі.
Жамбыл облысының түнде таулы аудандарында, күндіз оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.
Абай облысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Павлодар облысында найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші найзағай кезінде 18 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы жән тау бөктерлі аудандарында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, тау және тау бөктерлі аудандарында таңертең және күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с.
Шымкентте найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыс желі найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с.
Алматыда 23 мамырда күндіз найзағай күтіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также