ПОДЕЛИТЬСЯ
26 тамыз 2022 | 11:26
240-тан аса апат: әкім электр қуатына қатысты мәселе қалай шешілетінін айтты
Алматы әкімі Ерболат Досаев электр қуатына қатысты мәселе қалай шешілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы әкімі Ерболат Досаев электр қуатына қатысты мәселе қалай шешілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қала әкімінің айтуынша, ауданда ескі және тозған желілердің салдарынан электр көздері істен шығып, жиі авариялар орын алады. Әсіресе Байтұрсынов - Абай - Төле би - Розыбакиев көшелерінің бойында апат жиі болып тұрады. Биылдың өзінде электр желілерінде ауданда 240-тан аса апат болған.
Электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру үшін 2022-2023 жылдары қаланың электр желілерін жаңарту көзделген.
"Осы жоба аясында аудан бойынша екі жыл ішінде резервтік қуатты 10кВт-қа дейін ұлғайтып, 156 шақырым ескірген кабельдерді ауыстыру, сондай-ақ 13 тарату және 195 трансформаторлық подстанцияны қайта жаңартуды қарастырып отырмыз.
Қазірдің өзінде 5 шақырым (2022 жылғы жоспар - 81 шақырым) кабель желілері ауыстырылды, 8 (2022 жылғы жоспар - 10) тарату және 42 (2022 жылғы жоспар - 50) трансформаторлық подстанция жаңартылды.
Жыл соңына дейін тағы 26 шақырым желіні ауыстырып, 2 тарату және 8 трансформаторлық подстанцияны қайта жаңғыртамыз", - деді мегаполис басшысы.
2022 жылдың соңында аудандағы тозған электр желілерінің үлесі 70-тен 56 пайызға дейін азаяды.
Жоба аяқталғаннан кейін, келесі жылы тағы 75 шақырым желіні жаңарту, 3 тарату және 145 трансформаторлық подстанцияны қайта жаңарту есебінен тозған желілердің үлесі 44 пайызға дейін азаяды.
Әкім осы шаралардың барлығы Алмалы ауданындағы электр желілерінің жұмысын тұрақтандыруға мүмкіндік беретінін айтады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также