24KZ телеарнасының директоры ауысты

Тengrinews.kz иллюстрациясы

24KZ тәулік бойғы жаңалықтар телеарнасының директоры ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен басқа жұмысқа ауысамын. Маған ұсыныс жасалды, мен келістім", - деді телеарнаны ашылған уақытынан бері басқарып келген Александр Аксютиц. Ол өзінің жаңа қызмет орны туралы айтпады. 

24KZ арнасының жаңа басшысы Арман Сейітмамыт болды, ол бұған дейін телеарнаның шеф-редакторы қызметін атқарды. Аксютицтің айтуынша, басшы ауысқаннан кейін күні-түні ақпарат тарататын телеарнаның саясаты өзгермейді. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, Қазақстан тарихындағы күні-түні жаңалық тарататын тұңғыш телеарна - 24.KZ 2012 жылы ашылған еді. Арна "Хабар" агенттігі" АҚ құрылымына кіреді. Телеарна 2012 жылдың 1 қыркүйегіне қараған түні телерадиокешен маңындағы алаңда алғаш рет ресми түрде таныстырылды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама