01 қараша 2022 | 09:48

25 градусқа дейін аяз: қарашада ауа райы қандай болады?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz

Синоптиктер қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, қарашада республика бойынша ауа температурасы климаттық норма шамасында болады, жауын-шашынның таралуы: Қазақстан Республикасының батыс жартысында нормадан аз, шығыста - норма шамасында.

"Қарашаның басында циклон Скандинавиядан Ресейдің Еуропалық аумағы (РЕА) арқылы үлкен жылдамдықпен Қазақстан аумағына ауысып, ауа райы тұрақсыз сипатта болады. Жауын-шашын жаңбыр мен жылбысқы қар түрінде болады деп күтіледі, республиканың оңтүстігінде әлі де жаңбыр жауады. Атмосфералық фронттармен байланысты ең күшті жауын-шашын еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ құбылыстарымен және желдің 15-28 м/с дейін күшеюімен бірге жүреді деп күтіледі, жекеленген аудандарда көктайғақ болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қарашаның алғашқы күндерінде ҚР аумағы бойынша ауа температурасы түнде -5+5 градус, күндіз +1+9 градус, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жылы болады - күндіз +10+18 градус.

"Бірінші онкүндіктің ортасынан бастап белсенді циклон шығыс бағытта жылжып Қазақстан аумағынан кетеді, бұл циклонның ізінен Қара теңіз аймақтарынан антициклон таралады, бұл жауын-шашынның батыс өңірлерде тоқтауына ықпал етеді, онкүндіктің соңында республиканың қалған аумағында да жауын-шашын тоқтайды. Ауа температурасы еліміздің солтүстік жартысында түнде -3-13 градусқа дейін, күндіз -5+2 градусқа дейін, оңтүстік жартысында түнде -5+2 градусқа дейін, күндіз 0,+8 градусқа дейін біртіндеп төмендейді деп күтіледі", - делінген болжамда.

Айдың екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстан аумағында Солтүстік теңіз, Батыс және Шығыс Сібір аудандарынан суық ауа массалары жиі келіп, тұрақсыз ауа райы болжанады. Термометрлердің бағандары түсуі мүмкін:

  • солтүстік жартысында түнде -17-25 градусқа дейін, күндіз -5-12 градусқа дейін;
  • оңтүстік жартысында түнде -10-17 градусқа дейін, күндіз -3-10 градусқа дейін.

Алайда Қазақстан аумағына Атлантика мен Иран аумағынан ауа массалары түсетін жылы күндердің де болуы күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная