ПОДЕЛИТЬСЯ
16 қараша 2023 | 09:06
25 градусқа дейін жылы: 16 қарашада Қазақстанда ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" синоптиктері бүгін, 16 қарашада елдің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазгидромет" синоптиктері бүгін, 16 қарашада елдің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада түнде және таңертең оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с күтіледі.
Түркістан облысының тау асуларында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с.
Қызылорда облысының батысында тұман күтіледі.
Ақмола облысында оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында 15-20 м/с күтіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также