22 қыркүйек 2022 | 10:51

25 қазан ұлттық мереке: Парламент заң қабылдады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:gov.kz

Сенат депутаттары түзетулер пакетін, оның ішінде 25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні деп белгілеу туралы ережені қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сенат депутаттары түзетулер пакетін, оның ішінде 25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні деп белгілеу туралы ережені қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Норма "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілген.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға мынадай өзгерістер енгізу жоспарланған:

Реклама
Реклама
  • 25 қазанды ұлттық мереке – Республика күні деп белгілеу;
  • 16 желтоқсан мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күні болып бекітілсін.

"25 қазан - Республика күні ұлттық мереке болып бекітіледі. Бұл тарихи және өте маңызды шешім. Еліміздің тәуелсіздігі шынымен де, осы күннен басталады. Сондықтан, бұл күннің ұлттық мереке ретінде бекітілуінің өзі мемлекеттілік пен егемендік тұрғысынан маңызды қадам. Болашақта бұл мереке Тәуелсіздікті дәріптеп, нығайта түсуге септігін тигізеді деп сенеміз", - деді Сенат отырысында Сенат спикері Мәулен Әшімбаев.

Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайтарылады

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная