Тәжікстаннан 26 қазақстандық елге оралды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"28 наурызда 26 қазақстандық Тәжікстаннан елге оралды. Ұшақ Алматы әуежайына сәтті қонды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Шымкент қаласынан С-295 әскери ұшағымен Тәжікстанның 20 азаматы еліне қайтарылды.
Еске салайық, осыған дейін әскери ұшақпен Сауд Арабиясынан 33, Кувейттен 2, Қырғызстаннан 21 қазақстандық эвакуацияланған еді.