27-29 наурызда қар аралас жаңбыр жауады

27-29 наурызда қар аралас жаңбыр жауады

27-29 наурызда қар аралас жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz &quotҚазгидромет&quot РМК-ға сілтеме жасай отырып. Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстандағы ауа-райы Карск және Қара теңіз ауа массаларына орай өзгермек.&nbsp

Қазақстанның біраз облыстарында жауын-шашын болдырмайтын антициклон өзгеріп, Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай ауысады. Республика территориясына Карск теңізінен салқын ауа лебі келеді және Қара теңізден жылы жел еседі, - дейді метеорологтар.

Осы орайда Қазақстанда ауа-райы жауын-шашынды болмақ. Еліміздің біраз аймақтарында қар аралас жаңбыр жауып, жел секундына 18-23 м/с дейін күшейеді. Алайда бұған қарамастан республика бойынша ауа көрсеткіші 3-8 гардус Цельсий жылылықты тұрақты ұстап тұрады.&nbsp

Жарнама
Жарнама

Бұған дейін синоптиктер 2014 жылдың жазында ауа райы қандай болатынын айтқан болатын. Олардың айтуынша, ауа райы қалыпты болмақ. Тек еліміздің солтүстік-шығысында жаз салқындау болады деп күтілуде. &nbsp &nbsp&nbsp

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама