27 қаңтардағы ауа райы болжамы: ескерту жарияланды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 27 қаңтарда қатты жел мен тұманға болады. Соған байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 27 қаңтарда қатты жел мен тұманға болады. Соған байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Солтүстікте, оңтүстікте және Алматы облысының тау аймақтарында жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел күндіз облыстың батысы мен шығысында 15-20 м/с жылдамдыққа дейін күшеюі мүмкін. Алматыда түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады.

Қонаевта түнде және таңертең жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыс желі күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Реклама
Реклама

Ақтөбе облысы
27 қаңтарда облыстың батысында, солтүстігінде және Ақтөбеде тұман күтіледі.

Атырау облысы
Солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Атырауда синоптиктер түнде және таңертең тұман болады деп болжайды.

Батыс Қазақстан облысы
Облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман болуы ықтимал. Оралда 27 қаңтарда түнде және таңертең тұман түседі.

Ұлытау облысы
Облыстың батысында және солтүстігінде тұман күтіледі.

Абай облысы
Синоптиктер оңтүстік-шығыс желін, ал облыс орталығында жел екпінінің 15-20 м/с жететінін болжайды.

Солтүстік Қазақстан облысы
27 қаңтарда түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі.

Өскемен
26 қаңтар сағат 20:00-ден 27 қаңтар сағат 20:00-ге дейін Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың екінші деңгейі сақталады.

Қостанай облысы
Облыстың батысында және оңтүстігінде тұман күтіледі.

Маңғыстау облысы
Дүйсенбі күні түнде және таңертең облыстың орталығында тұман болады.

Жетісу облысы
Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 18-23 м/с жетуі мүмкін.

Түркістан облысы
Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, таулы асуларда екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама