27 қазан күні Қазақстанда ең қайырымды жандардың аты аталады

forbes.kz

27 қазан күні Алматыда Абай атындағы балет театрында "Алтын жүрек" қайырымдылық номинациясымен марапаттау басталады. Осы күні әділ қазылар Қазақстандағы ең қайырымды адамдардың аттарын атайды,-деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы шараны ұйымдастырушыларға сілтеме жасай отырып.

"Алтын жүрек" бұл еліміздегі бірінші қайырымдылық номинациясы. Шараны ұйымдастырушылар бір жыл бойы елдегі қайырымды адамдарды іздестіріп, олардың ішіннен іріктеп алып қазіргі кезеңнің батырларын таңдайды.

"Өздері танымайтын балалардың шетелде емделуіне үлкен сомада көмек көрсеткен, Қазақстандағы перзентханаларды жаңа құрал жабдықтармен қамтамасыз еткен, жалғызбасты қарияларға қаржылай қолдау білдірген, мектептер мен балалар үйлерінің құрылысын қаржыландырған, ауылды-аймақтарда стадиондар салуға ат салысқан. Міне, осы адамдардың барлығы "Алтын жүрек" номинациясы бойынша 11 сыйлыққа ұсынылады" дейді "Бауыржан" қайырымдылық қоры.

Реклама
Реклама

Айта кету керек, елдің ең қайырымды адамы болуға үміткерлердің ішінде Олимпиада жүлдегері Дәулет Тұрлыханов, кәсіпкер, Нұрлан Смағұлов, Kaspi bank директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким, BI Group басшысы Айдын Рахымбаев бар. Толығырақ мына жерден таныса аласыздар.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама