27 мың қазақстандық коронавирус пен пневмониядан емделіп жатыр

Фото: elements.envato.com

8 ақпандағы жағдай бойынша 27 028 қазақстандық коронавирус пен COVID-19 белгілері бар пневмониядан емделіп жатыр. Олардың ішінде 16 770 адам коронавирус жұқтырған, 10 258 науқас пневмониямен ауырып жатыр. Стационарларда 5 804 науқас, амбулаториялық деңгейде – 21 224 науқас бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, COVID-19 жұқтырған және коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониямен ауыратын 268 қазақстандықтың жағдайы ауыр. Тағы 49 науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланған, 42 адам өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.

Сондай-ақ COVID-19 жұқтырып ауырып қалған тәулік ішінде алты қазақстандық (барлығы 2 601), ал пневмониядан бес адам (барлығы 584) қайтыс болды.

Реклама
Реклама

Бұған дейін Қазақстанда коронавирустың 1003 жаңа жағдайы туралы белгілі болды. Пандемия басталғаннан бері барлығы 196 115 адам COVID-19 жұқтырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама