ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қаңтар 2022 | 14:49
"27 шабуыл жасалды": Салтанат Әзірбек полицияға жасалған шабуылдан қалай аман қалғанын айтты
Алматыдағы қайғылы оқиға тұрғындардың жадында ұзақ сақталары сөзсіз. Қала бірте-бірте әдеттегі өмірге қайта оралып жатыр. Соған қарамастан, төтенше жағдай мен коменданттық сағат сақталады. Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД ресми өкілі, полиция подполковнигі Салтанат Әзірбекпен тілдесіп, лаңкестік әрекеттен қалай аман қалғанын сұрады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматыдағы қайғылы оқиға тұрғындардың жадында ұзақ сақталары сөзсіз. Қала бірте-бірте әдеттегі өмірге қайта оралып жатыр. Соған қарамастан, төтенше жағдай мен коменданттық сағат сақталады. Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД ресми өкілі, полиция подполковнигі Салтанат Әзірбекпен тілдесіп, лаңкестік әрекеттен қалай аман қалғанын сұрады.
4 қаңтарда полиция бөлімшесінің бүкіл ұжымы дабыл қақты. "Алматы Аренада" жаппай тәртіпсіздіктер басталып, бүкіл халық қаланың орталық жолдарымен алаңға қарай жылжығанда, "Қамал" жоспары жарияланды. Әзірбектің айтуынша, бұл жоспар барлық әкімшілік ғимараты, полиция бөлімшелерін сол жерде сақталған қару-жарақты жауып тастауды көздейді.
"Кешке қарай Полиция департаментіне бір топ адам келе жатқаны туралы ақпарат түсті, бірден алаңдағы үш әкімшілік ғимарат қорғалды. Әрине, тәртіпсіздіктердің алдын алу үшін бізде үлкен ресурстар болды, бірақ департаментте болған кейбір бөлімшелердің жеке құрамы 100 пайыз шабуылға тойтарыс беруге дайын болды.
Негізгі соққыны Масанчи көшесінде орналасқан жедел бөлімшелер, тергеу бөлімі, анықтау бөлімінің қызметкерлері алды. Олардың жанқиярлық әрекеті арқасында қылмыскерлер ғимараттарға жақындай алмай, артқа шегінді. Қарақшылар ірі техника мен жүк көліктері көмегімен қақпаны бұзу әрекетін жасады. Менің білуімше, криминалдық полиция қызметкерлері жүк көлік жүргізушісін жойып, кейін КамАЗ өртеніп кеткен.
Қақтығыс 6 қаңтарға қараған түні кешкі 8-ден таңғы 5-ке дейін жалғасты. Лаңкестер ғимаратымызға 27 рет шабуыл жасады. Тіпті кадр саясаты бөлімі де шықты. Айтпақшы, олар ғимаратқа басқа жағынан, Никольский базарынан, Қарасай батыр көшесі жағынан кіруге әрекеттенді, бірақ сәтсіз аяқталды.
Біздің қару-жарақ қоймалары күшейтілген қорғанысқа алынды, жедел әрекет ету отряды жауынгерлерінің көпшілігі алаңда болғандықтан, санаулы ғана адам болды. Қару-жарақты сақтап қалу үшін лаңкестерді атуға бұйрық берілді. Заң бойынша шабуылды тойтару кезінде полиция қызметкерлерінде оқ атуға құқық бар. Оның үстіне, ол кезде бізге қарай бет алған топтың жақсы дайындалған, арнайы киімдері мен техникасы бар қарулы адамдар екені хабарланды.
Лаңкестер арасынан 20-дан аса адам қаза болды. Олар жараланғандардың көбін алып кеткен. Жақын маңдағы тұрғындар үшін алаңдадым. Жақын жерде тұрғын үй бар, медициналық орталық айтарлықтай зардап шекті. Ол ПД ғимаратымен қатар орналасқан. Оның кіреберісінде де болды.
Лаңкестер терезелерге оқ жаудырды, Масанчидегі ғимараттың фронт-офисін толық қиратты. Атыс болды. Олардың арасында мергендер көп, қару-жарақ, әскери гранаталар, пулеметтер алған. Терезелерге, қызметкерлерге, ғимаратқа оқ жаудырды. Осы оқиғалар нәтижесінде үш полиция қызметкері, жалпы 176 адам жарақат алды, олардың 8-і ауыр халде жатыр.
Бұлтартпас деректер олардың жоспарлы түрде әрекет еткенін көрсетеді: бір мезгілде бірнеше аудандық басқармаларға шабуыл ұйымдастырылды. Оның ішінде Әуезов ауданының полиция басқармасы, Алмалы ауданының ПБ жанындағы полиция бөлімі, Медеу АІІБ бар. Бұл жерлердегі оқиғалар бір мезгілде болған.
Таңертеңгі сағат 5-те шабуыл аяқталды, бірақ біз үш-төрт күнде үйге жеттік. Қазір есімде жоқ. Бұл уақыт аралығында осында болдық. Шабуыл басталғанға дейін отбасыма телефон арқылы хабарластым. Ол кезде интернетте ақау шыққан еді. Әйтеуір үйде жұбайым бар екен. Балаларымды, біріншіден, Құдайға, екіншіден, оған сеніп тапсырдым. Балалар сенімді адам қолында екенін білгенде тынышталдым. Айтпақшы, осы уақытта өмірдегі көп нәрсені қайта ойлайсың. Неге балаларға көп уақыт жұмсамадым деп ойладым, бірақ қызметтің аты - қызмет. Оның үстіне, адам жұмысқа жүрек қалауы бойынша келсе, солай болады.
Төрт балам бар, кішісі үш айлық. 13 жастағы үлкен қызым әкесіне бала күтіміне көмектеседі. Ортаншы ұлым 12 жаста, одан кейін екі жасар қызым мен үш айлық ұлым бар. Күйеуім екеуміз ата-анама шабуыл болып жатқанын айтпадық, кешке анама звондап бəрі жақсы, əзірше жұмыста боламыз деп айттым. Тек бәрі тұрақталған кезде мен оған телефон соғып, осындай жағдай болғанын айттым.
Жергілікті атқарушы орган қолдауы арқасында жеке құрамға азық-түлік ұйымдастырылып, уақытында жеткізіліп, полиция қызметкерлеріне ғана емес, кейін көмекке келген әскери қызметке де жеткізілді. Олар әлі күнге дейін біздің алаңды күзетіп отыр. Бізді бітімгерлер емес, қазақстандық әскер күзетеді. Терактілер кезінде мен өз кабинетімде болдым. Біздің міндетіміз олардың қару қоймаларына жетуіне жол бермеу болды", - деп еске алады Алматы қаласы ПД ресми өкілі.
Тілшінің "Салтанат Әзірбек қайғылы оқиғалар кезінде өзі үшін, балалары үшін қорққан жоқ па" деген сұрағына, ол әрқашан мемлекет мүддесін жеке басынан жоғары қоятынын айтты.
"Иә, ондай ой келді, бірақ бірден сейілді, өйткені мен мемлекеттік қызметшімін, ант бердім, мен үшін мемлекетті қорғау, азаматтардың құқықтарын қорғау бірінші орында тұр.
Антитеррорлық операция әлі жалғасып жатыр, қаланың кейбір жерлерін қылмыскерлерден тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр, олардың бәрі қазір жалдамалы үйлерде жасырынып жүр, сондықтан тазалау міндетті саналады".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также