28 миллиард теңге: Павлодардағы компания қомақты айыппұл төлейді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото ©️ Tengrinews.kz

Павлодардағы кәсіпорынға қалдықтарды көму лимитін асырғаны үшін 28 миллиард теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодардағы кәсіпорынға қалдықтарды көму лимитін асырғаны үшін 28 миллиард теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Табиғатты қорғау прокуратурасы экологиялық заңнаманың сақталуына талдау жүргізу барысында рұқсат құжаттарының талаптарының орындалмағаны анықталған.

"Осы дерек бойынша тексерулер басталып, нәтижесінде экологтар "ЭкоАлем-ПВ" ЖШС-нің қызметінде тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру көлемінің белгіленген лимиттен асқаны анықталды. Аталған құқықбұзушылық бойынша субъект Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 6-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Бұл баптың санкциясы қалдықтарды көму төлемінің ставкасына қатысты он мың пайыз мөлшерінде, яғни белгіленген лимиттен тыс жиналған немесе көмілген қалдықтар көлеміне сәйкес айыппұл салуды көздейді.

"Нәтижесінде айыппұл сомасы 28,4 миллиард теңге болды".

Апелляциялық саты алғашқы инстанция сотының серіктестікті әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулысын өзгеріссіз қалдырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама