28 сәуір 2023 | 09:00

28 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 28 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Синоптиктер 28 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың оңтүстігі мен солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Реклама
Реклама

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл, солтүстікте, оңтүстік-батыста тұман болжанды.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде 2-7, күндіз 5-10 м/с болады. Ауа температурасы түнде +7+9 градус, күндіз +25+27 градус.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +10+12 градус, күндіз +25+27 градус.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +11+13 градус, күндіз +29+31 градус.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная