12 қараша 2019 | 14:58

29 жастағы Олжас Ибраев Ақтөбе театрының басшысы болды

Ақтөбе облысында бас театрға жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметке 29 жастағы Олжас Ибраев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тахауи Ахтанов атындағы драма театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысында бас театрға жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметке 29 жастағы Олжас Ибраев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тахауи Ахтанов атындағы драма театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жаңа басшыны театр ұжымына Ақтөбе облысының мәдениет басқармасының басшысы Нұрхан Қадырбаев таныстырды.

Реклама
Реклама
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от O L Z H A S I B R A Y E V ???????? (@olzhas_ibrayev) 3 Сен 2018 в 9:07 PDT

Олжас Ибраев Қазақ ұлттық өнер университетінің "драма театры мен кино актері" мамандығы бойынша диплом алған. 2013 жылы "Жігіт сұлтаны-2013" республикалық телеконкурсының жеңімпазы.

"Хабар" арнасында Қазақстанның тарихи мұрасы туралы "Менің жерім" бағдарламасында тележүргізуші болып жұмыс істеді. Әр жылдары "Астана мюзикл" театрының труппасын, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының шығармашылық бөлімі мен халықаралық қатынастар және гастрольдер бөлімін басқарды, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Ұлттық өнер факультетінің деканы болды. "Айжан", "Шекара" телехикаяларында және "Али" фильмінде басты рөлдерді ойнады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от O L Z H A S I B R A Y E V ???????? (@olzhas_ibrayev) 30 Апр 2019 в 10:07 PDT

Ақтөбе облыстық қазақ драма театры 1935 жылы халық ағарту комиссары Темірбек Жүргеновтің бастамасымен құрылған қазақ труппасының негізінде құрылды. 1993 жылы театрға белгілі жазушы және драматург Тахауи Ахтановтың есімі берілді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная