ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 29 қараша 2022 09:10
29 қарашаға арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" РМК-сы 29 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Қазгидромет" РМК-сы 29 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Республиканың басым бөлігі әлі де суық солтүстік антициклонның ықпалында болады, соның әсерінен күн ашық, алайда аяз болады.
Атмосфералық ағындардың өтуімен елдің оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түсіп, көктайғақ болады.
ҚР бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, оңтүстіктің таулы аймақтарында, оңтүстік-шығыста тұман түседі.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жетеді, кейде тіпті одан да жоғары болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу