3 баласы бар қазақстандық әйел Ирактың қақтығыс аймағынан елге жеткізілді

3 баласы бар ?аза?станды? ?йел Иракты? ?а?ты?ыс айма?ынан елге жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Б?л туралы ?Р СІМ баспас?з ?ызметіні? жетекшісі ?нуар Жайна?ов хабарлады.

3 баласы бар қазақстандық әйел Ирактың қақтығыс аймағынан елге жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов хабарлады.

"Ирактың қақтығыстар болып жатқан аймағынан шығарылған қазақстандық төрт азамат Отанға жеткізілді. Олардың ішінде 1985 жылғы әйел мен оның кәмелетке толмаған үш баласы бар. Тағы да үш бала мен олардың анасы - Ресей азаматшасы Грозныйға жеткізілді. Қазіргі уақытта олар сол жақта тұрып жатыр. Екі отбасы да - Ақтау қаласының тұрғындары", - деді Әнуар Жайнақов.

Министрдің айтуынша, қалған қазақстандықтар әлі Иракта қалып отыр. "Иорданияғы Қазақстан елшілігі мен Ирак өкілері қалған адамдарды эвакуациялау мәселесін шешіп жатыр. Толығырақ кейінірек хабарлайтын боламыз", - деді СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Осыған дейін Сыртқы істер министрлігіндегілер қазақстандықтарды Ирактан эвакуациялауға дайындықтың жүріп жатқанын хабарлаған болатын.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама