3 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

viewings icon 733
comments icon 0

Синоптиктер 3 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктер 3 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

3 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз таулы аудандарда секундына 15-20 метр.

Шымкент пен Түркістанда түнде және таңертең кей уақытта тұман болады.

Реклама
Реклама

Ақтөбе облысының орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15 метр.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман болады. Алматыда түнде және таңертең тұман болжанады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні секундына 15-20 метр болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұманды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная