ПОДЕЛИТЬСЯ
03 ақпан 2023 | 09:57
"3 жыл кафеде тұрдым": Шымкентте көпбалалы анаға үй берілді
Шымкентте көпбалалы жалғызбасты анаға үй сыйға тартылды. Үш жыл бұрын әйел күйеуінен айырылған. Осы уақыт бойы бес баласы бар ана өзі жұмыс істеген кафеде тұрып келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкентте көпбалалы жалғызбасты анаға үй сыйға тартылды. Үш жыл бұрын әйел күйеуінен айырылған. Осы уақыт бойы бес баласы бар ана өзі жұмыс істеген кафеде тұрып келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Күйеуі қайтыс болғаннан кейін Мария Мұхтасарова балаларымен көшеде қалған. Көпбалалы ана кафедегі кез келген жұмысты істеді: еден жуып, аспазға көмектескен. Әйелдің айтуынша, қиындықтарға қарамастан, ешкімнен көмек сұрамаған, бәрін өзі жеңуге тырысқан.
Мария Мұхтасарованың өмірлік жағдайы туралы "Дәулеттен" қайырымдылық қоры білген. Еріктілер 21 миллион теңге жинап, көпбалалы анаға Шұбарсу елді мекенінен әдемі үй сатып алып берген.
"Баспаналы болдық, өз үйіміз бар. Бізге көмектескен "Дәулеттен" қорына және қамқор адамдарға алғысым шексіз. Мен өте қуаныштымын және толқып тұрмын. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Үй маған қатты ұнады, тағы да рақмет баршаңызға", – дейді көпбалалы ана Мария.
Шұбарсу ауылындағы бес бөлмелі үй 20 миллион теңге болған. Қалған қаражат жиһаздар мен интерьер заттарына жұмсалған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также