ПОДЕЛИТЬСЯ
09 сәуір 2020 | 13:31
3 қалада қар жауды: ағаштар құлап, көліктерге зақым келді
9 сәуірде еліміздің оңтүстігіндегі үш қалада қар жауды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
9 сәуірде еліміздің оңтүстігіндегі үш қалада қар жауды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда түнде қар жауып, бірден еріп кеткен. Алайда қазіргі таңда шаһарда қар жауып тұр. Кейбір аудандарда ақ ұлпа жол мен ағаштарды басып қалған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Не ожидано пришла зима? #shymkent_online #shymkent #kazahstan #снег #апрель
Публикация от Shymkent Online (@shymkent_online) 8 Апр 2020 в 8:37 PDT
Түнде Шымкентте ауа температурасы минус екі градусқа дейін күрт төмендеген. Қаланы қар басқан. Әлеуметтік желі қолданушылары қыстың қайта басталғанын жазып жатыр.
Қалалық төтенше жағдай департаментінің мәліметіне сәйкес, қалың қардан 24 ағаш құлап, 21 көлікті басып қалған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
"Таңғы сағат 06.30-да қаладағы төрт ауданда шамамен 8000 абонент жарықсыз қалды. Мамандар жарықты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. ТЖД-нің күшімен көшелер қардан тазаланып, құлаған ағаштар жолдан алынып жатыр. Жауын-шашын жоқ. Қаладағы ауа температурасы минус үш градус, жел жоқ", - дейді Шымкент қаласы Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.
Тараздағы жағдай да осыған ұқсас.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Переводы документов Тараз (@document.taraz) 8 Апр 2020 в 8:39 PDT
Қала тұрғындары желіге қар астындағы қызғалдақтардың суретін жүктеп, "2020 жыл таңғалдыруын тоқтатар емес" деп жазба қалдырып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Панова Юлия (@julia_panova_photo) 8 Апр 2020 в 8:32 PDT
Сондай-ақ, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанда да қалың қар жауған.
"Қар жауып жатыр. Бұл коронавирус сияқты аяқ астынан келді", - деп жазды желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от женская одежда Бишкек (@bigeuropa.kg) 8 Апр 2020 в 8:59 PDT
"Биыл Шу өңірінде астық мол болмауы мүмкін. Шие ағашы көктеп жатыр еді. Ал бүгін қар жауып тұр", - дейді қырғызстандық желі қолданушысы.
Душанбеде де қар жауған. Тұрғындар мұндай жағдай қыс мезгілінде болмағанын айтады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Ahmadzoda Aliakbar (@ahmadzoda_97) 8 Апр 2020 в 8:38 PDT
Ташкентте жағдай осыған ұқсас. Қала карантинге жабылған.
"Өз-өзіңді оқшаулауға ауа райы жақсы екен", - деп қалжыңдады жергілікті тұрғындар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
С добрым Весенним Утром!!! #ташкент #узбекистан#уйдаколинг#снег#весна#
Публикация от Glamour_milan (@glamour_milan) 8 Апр 2020 в 8:40 PDT
Ал Қазақстанның ішкі істер министрлігі елдің оңтүстігінде күн күрт суытатынын атап өтіп, жүргізушілер мен тұрғындарға сақ болуға кеңес берді.
"Түркістан, Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстарында жауын-шашын және тұман түсіп, ауа-райы температурасының күрт төмендеуі күтіліп отыр", - делінген хабарламада.
Показать комментарии
Читайте также