05 қыркүйек 2023 | 17:10

3 рет әлем чемпионы атанған: Ақтөбе облысының жаңа әкімі туралы не білеміз?

Асхат Шахаров.

Ақтөбе облысының жаңа әкімі туралы не белгілі? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысының жаңа әкімі туралы не белгілі? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады.

Асхат Шахаров көп жыл бойы Қазақстанның батыс бөлігінде жұмыс істеген. 2013 жылғы маусымнан 2017 жылғы 30 маусымға дейін Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының әкімі қызметін атқарды. 2017 жылғы шілдеден 2020 жылғы наурызға дейін Шахаров Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының әкімі болып жұмыс істеді, кейін Ақтөбенің әкімі болды. Ал былтыр ол облыс әкімі лауазымына кандидаттардың бірі болған еді.

Реклама
Реклама

Шахаров 1978 жылы 3 қазанда Орынбор облысының Ақбұлақ ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының спорт, қоғам және саяси қайраткері. Дзюдо мен самбодан еңбек сіңірген спорт шебері, дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері, самбодан үш дүркін әлем чемпионы, Әлем кубогының екі дүркін иегері, жастар арасында екі дүркін әлем чемпионы, Азияның үш дүркін чемпионы, Ресей президентінің гран-при иегері, Сидней Олимпиадасының қатысушысы.

1999 жылы Қазақ мемлекеттік Спорт және туризм академиясын, 2002 жылы Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін дене шынықтыру оқытушысы-спорт жаттықтырушысы, халықаралық экономист мамандықтары бойынша бітірген.

2013 жылы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясының аспирантурасын бітірді. Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі, еңбек сіңірген спорт шебері атағы бар.

Еңбек жолын Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің спорт пәндері кафедрасының оқытушысы қызметінен бастаған, 2007 жылдан бастап Ақтөбе облысының олимпиадалық резервті дайындау орталығының директоры болды. Кейін алты жыл бойы 2012 жылдан 2013 жылға дейін Ақтөбе мәслихатының депутаты болды.

Шахаров 2022 жылы қарашада Қазақстан Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып тағайындалған.

2022 жылы тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев әкім лауазымына облыс мәслихатының депутаттарына таңдауға екі кандидатты ұсынған: кандидаттардың бірі - Асхат Шахаров, екіншісі - Ералы Тоғжанов. Ашық дауыс беру нәтижесіне сәйкес 160 депутаттың 104-і Ералы Тоғжановтың кандидатурасына, 56 депутат Асхат Шахаровқа дауыс берді.

Бұған дейін Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі қызметінен босатылғаны хабарланған еді. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды.

Оның орнына Ақтөбе облысының жаңа әкімі болып Асхат Шахаров тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная