ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 02 шілде 2026 20:13
3 шілдеде Астанада жарық пен ыстық су өшеді: мекенжайлар тізімі
Жұма, 3 шілдеде Астанада электр энергиясы мен ыстық су өшіріледі. Бұл туралы Астана әкімдігінің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы ескертті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл күні электр энергиясы негізінен оң жағалауда болмайды.
Мекенжайға қарай келесі ажырату кестесі жоспарланған: 08:30-дан 16:30-ға дейін, 08:00-ден 18:00-ге дейін, 09:00-ден 13:00-ге дейін, 09:00-ден 14:00-ге дейін, 09:00-ден 16:30-ға дейін, 09:00-ден 17:00-ге дейін, 13:30-дан 16:30-ға дейін.
Осы уақыт аралығында желілерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Жұмада ыстық су оң жағалауда да, сол жағалауда да болмайды.
Жөндеу және жоспарлы жұмыстар келесі кесте бойынша жүргізіледі: 08:00-ден 17:00-ге дейін, 10:00-ден 18:00-ге дейін, сондай-ақ 3 шілде күні 22:00-ден 4 шілде 06:00-ге дейін.
Бұған дейін Астанада дизайн-код бойынша 20 үй жөнделетіні туралы жазған едік. Мекенжайлар тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу