03 тамыз 2019 09:34

3 тамызда ауа райы қандай болады?

Камила Долаева Журналист
pixabay.com

Қазақстанның басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады. Тек оңтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады, бұршақ түсуі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазгидромет РМК орталығына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге, кей жерлерде 23-28 метрге дейін жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Реклама
Реклама

Ақмола және Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Түркістан, сондай-ақ күндіз Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін соғады.

Түнде және таңертең Алматы облысында жел шаңды дауылдан секундына 18-23 метрге дейін күшейеді, бұршақ болуы мүмкін. Күндіз Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында аптап болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, сондай-ақ Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram