30 градус аяз, қарлы боран. Бүгін ауа райы қандай болады?

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
30 градус аяз, қарлы боран. Бүгін ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 23 желтоқсанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазгидромет 23 желтоқсанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысында бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып екпіні 15-20 м/с-ге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Реклама
Реклама

Түркістан облысының оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, күндіз тау асуларында күші 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстік-батысында бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Қостанай қаласында таңертең және күндіз бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Астана қаласында бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама